10.06.2022, 23:01
Оқылды: 42

Артем Саркисян семсерлесуден Азия біріншілігінде қола медаль иеленді

Сеулде семсерлесуден Азия біріншілігі басталды. Жекелеген жарыстардың бірінші күні қазақстандық қылыштасушы Артем Саркисян қола медальға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
88efed936c504bdcb4dbd49cafe08531

Бұл медаль қазақстандық спортшыға оңайшылықпен бұйырмады.

Артемнің осы жарыстардың басында 15:14 есебімен 1/32 финалда Иран өкілі Али Пахдаманды ұтқанын атап өткен жөн, ол Азиядағы төртінші нөмірлі және FIE халықаралық рейтингісіндегі ТОП-16 үздік спортшы құрамына енеді.

81d9b45ca74040d991cccdc081a8fbb0

Содан кейін 1/16 финалда қазақстандық Лин Ксиаоны (ҚХР) жеңді. Есеп – 15:12. Ширек финалда Артем жапониялық спортшы Мао Кокубоны бір артық соққымен жеңіп кетті (15: 14). Өкінішке қарай, Саркисян жартылай финалда Азия біріншілігінің жеңімпазы әрі жарыс қожайыны Бонгил Гудан 10:15 есебімен ұтылды.

Бұл марапат бүкіл қазақстандық семсерлесу спортшылары үшін, әсіресе ерлер арасында өте құнды болып табылады, өйткені ол Азия чемпионатында ерлер семсерлесушілерінің ұтып алған үшінші медалі.

85e0182284a042beb7eb61e097cdf675

Артем Саркисянға дейін құрмет тұғырына Сергей Смирнов (2003 жылы, Чангмейде, Таиланд - күміс) және Игорь Цель (2005 жылы, Кота-Гинабал, Малайзия - қола) көтерілген болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале