2.02.2024, 16:15
Оқылды: 79

«АруАна» республикалық үздік әйелдер жобаларының конкурсына өтінімдерді қабылдау басталды

 «АруАна» республикалық үздік әйелдер жобалары конкурсы әлеуметтік бағыттағы үздік идеялар мен жобаларды іске асыратын әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және ілгерілетуге бағытталған.

8 токаев

          Фото: akorda.kz

   Әлеуметтік бағыты бар үздік әйелдер жобаларын іріктеу Қазақстанның барлық өңірлерінен жүзеге асырылады.

           Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның  қолдауымен өткізіледі және  8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған.

           Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты түрде өтеді. Диплом және мүсінше беріледі.

           Кім қатыса алады?

Конкурс қатысушылары Қазақстан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдердің қоғамдық бірлестіктері.

           Іріктеуді кім жүргізе асырады?

           Өтінімдерді іріктеу конкурстық комиссия жүзеге асырады.

         Конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі Комиссия тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімімен мүдделі мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың өкілдері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері қатарынан кемінде 5 (бес) адам көлемінде тиісті өңір әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының/әкім аппараты басшысының төрағалығымен құрылады.

 Конкурстық комиссия мынадай өлшем шарттарды ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы, отырысқа қатысатын оның мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды:

  • жобаның өзектілігі (1-ден 5 баллға дейін);
  • жобаның әлеуметтік маңыздылығы (1-ден 5 баллға дейін);
  • жобаның қол жеткізілген нәтижелері (1-ден 5 баллға дейін);
  • жобаны қамту (1-ден 5 баллға дейін).

 Нақты жоба бойынша мүдделер қақтығысы болған жағдайда комиссия мүшесі бұл туралы Комиссияны хабардар етеді және нақты жоба бойынша дауыс беруге жіберілмейді.

Іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз жобаны Ұлттық комиссияға жібереді.

           Өтінімдерді қабылдауы - 2024 жылғы 5-20 ақпан аралығында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін тиісті өтінімдерді толтырып [email protected]  электрондық мекенжайына немесе қағаз түрінде Орал қаласы Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы, Ж.Молдағалиев к,19 мекенжайы бойынша, 2 қабат, 204 кабинетіне жолдау қажет.

Өтінім формасын «Ару Ана» республикалық үздік әйелдер жобаларының конкурсы туралы ЕРЕЖЕДЕН  жүктеп алу қажет.

Барлық сұрақ бойынша 8775-235-08-95 телефоны бойынша хабарласуға болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале