20.09.2026, 12:00
Оқылды: 2

Аруларымыз шахмат Олимпиадасында төртінші рет қатарынан жеңіске жетті

ҚР Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша,  Самарқанд қаласында 46-шы Олимпиаданың төртінші тур ойындары өтті.

IMG_20260920_015547_171

Фото: DRSQazaqstan

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасының күн сайын қарсыластарының деңгейі өсіп келеді. Бүгін олар бастапқы рейтингте 16-орында тұрған Армениямен күш сынасты. Бұл ойында Бибісара Асаубаеваның бірінші жеңісін ерекше атап өтуге болады. 16 жастағы Елназ Қалиахмет жеңіс сериясын төртке дейін арттырса, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрман өз ойындарын тең есеппен аяқтады.

Әйелдер. 189 команда

🇰🇿Қазақстан🆚🇦🇲Армения - 3:1

✅Бибісара Асаубаева - Лилит Мкртчян

↔️Алуа Нұрман - Мариам Мкртчян

↔️Меруерт Камалиденова - Элина Даниелян

✅Елназ Қалиахмет - Сусанна Габоян

Ерлер арасында Қазақстан құрамасы бастапқы рейтингте 76-орындағы Жапониямен шаршы тақтада жолықты.

Ерлер. 205 команда

🇰🇿Қазақстан🆚🇯🇵Жапония - 3,5:0,5

✅Денис Махнёв - Чан Тхань Ту

✅Сауат Нұрғалиев - Шоу Отсука

✅Даниал Сапенов - Рёске Нандзё

↔️Жандос Ағманов - Синъя Кодзима

Ертең 5-тур ойындары жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале