Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Арман Қожахметов заң жобасының негізгі мақсаты - күзет қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру екенін мәлім етті.
Оның айтуынша заң жобасында күзет қызметтерінің сапасын арттыруға, азаматтардың мүліктік және жеке құқықтарын қорғауды жетілдіруге, осы саладағы қолданыстағы заңнама нормаларының жекелеген сәйкессіздіктерін жоюға бағытталған заңдарға бірқатар түзету көзделеді.
Атап айтқанда, Еңбек кодексінің 52-бабына жұмыскер заңда белгіленген, кәсіптік қызметке қойылатын талаптарға сай келмеген жағдайда жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзу негіздерін нақтылауға қатысты түзету енгізілгелі отыр.
Сондай-ақ Еңбек кодексінде және заңда әртүрлі түсіндірілетін «арнаулы киім» ұғымының анықтамасындағы түрлі түсінікті жою мақсатында кейбір түзетулерді енгізу жоспарланған.
Ұсынылатын күзет қызметтерінің сапасын арттыру, стратегиялық, аса маңызды нысандар мен террористік тұрғыдан осал нысандар сенімді түрле қорғалуы үшін депутаттар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға күзет қызметімен айналысуға арналған лицензияны кіші түрлерге бөлу тәртібіне түзету енгізді.
Лицензия берудің ерекше шарттары айқындалды.
Сонымен қатар, заң жобасының барлық мәтіні бойынша құқықтық олқылықтарға жол бермеу үшін редакциялық, нақтылау сипатында түзетулер енгізілді.
zhaikpress.kz