21.04.2022, 15:15
Оқылды: 97

Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

39918916-6475-40F5-8AA8-B81E1C4B54E9

Бұл – өте күрделі мәселе. Өткен жылы да мемлекеттік қарыз мәселесін көтеріп, оның өскенін сынға алған едік. Содан кейін үкімет жағдайды бақылауға алуға уәде берді. Біз қазір бюджет аясында, әрине, бұл мәселені тағы да қарастырамыз, - деді Мәулен Әшімбаев.

Ол 5 мамырда Сенат депутаттары 2022 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қарайтынын атап өтті. Осы орайда журналистер спикерден сенаторлар Үкімет Ұлттық қордан түсетін мақсатты сома көлемін қысқартуды талап ете ме деп сұрады.

Маған қазір айту қиын, кеше ғана мәжілістегі әріптестеріміз бюджетті қарады. Бюджет жобасы бүгін бізге келуі керек, біз оны зерттеп, мұқият қарайтын боламыз. Егер қандай да бір сұрақтар туындаса, әрине, біз оны көтеріп, үкімет өкілдерімен сөйлесеміз, - деді Мәулен Әшімбаев.

21 сәуірде Мәжілістің жалпы отырысында үкімет Ұлттық қордан түсетін трансфертті 4 триллион теңгеге дейін арттыруды жоспарлағаны белгілі болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале