7.11.2023, 16:30
Оқылды: 44

Аштықты ашық айтқан қайраткер

Батыс Алаш орда қозғалысының негізін қалаған қайраткердің бірі, көрнекті заңгер Бақытжан Қаратаев 1863 жылы Орал облысы Қаратөбе уезінің Ақбақай ауылында туған.

жп дала

Бақытжан Қаратаев Санкт-Петербург университетінің заң факультетін 1890 жылы кіші алтын медальмен бітіріп, 1890-1906 жылдары заң саласының түрлі қызметін атқарады.

1907-1916 жылдары Жайық өңірінде ағартушылық жұмыстармен айналысады. Оның ішінде «Қазақстан» газеті және «Айқап» журналдарын шығаруға атсалысады. Бірінші Ресей мемлекеттік думасына Жайық өлкесінен депутат болып сайланады.

1917 жылғы ақпан революциясы кезінде Батыс Қазақстанда Жайықтың сыртқы бөлігін басқару жөніндегі уақытша комитетті құрушылардың бірі, сондай-ақ, 1917 жылдары өткізілген Бірінші және Екінші Жалпықазақ сиезіне делегат болып сайланып, Алаш орда өкіметі мен Алаш партиясын құруды жақтап дауыс береді.

1917 жылғы қазан төңкерісі кезінде Орал облысында Кеңес өкіметін орнатуға атсалысады. Сол жылы Оралда орнаған Кеңес үкіметінің Орталық ағарту комитетінің заң істері комиссары болып сайланады.

1918 жылы көктемде Оралдағы кеңес өкіметі орал казактары тарапынан құлатылған кезде тұтқынға алынғандардың ішінде Бақытжан Қаратаевта болады. Алайда 1919 жылғы қаңтарда Оралды Қызыл әскерлердің алуы тұтқындағылардың бостандық шығуы Б.Қаратаевтың қоғамдық-саяси жұмысқа қайта араласуына мүмкіндік береді.

Кешегі 1930 жылдардағы Қазақстанды жайлаған аштық кезінде халықты қорғап сөйлегендердің бірі - Бақытжан Қаратаев еді. Сол кездегі Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.Голощекинге Ақтөбе сапарында қарсы шығып, халыққа жасап жатқан саясатын бетіне басып, аштықты қолдан жасап жатқандарын бетіне айтуы нағыз қайраткерлік еді.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале