11.11.2021, 16:55
Оқылды: 43

Ашық жариялануы керек деректердің тізімі жаңарды

ҚР Үкіметінің жаңа қаулысы бойынша мемлекеттік органдардың интернет-порталда жарияланатын ашық деректерінің бірыңғай тізбесі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

211111173328850e

Тізімге барлығы 976 позиция кірген. Олардың қатары мынадай:

ҚР Әкімшілік-аумақтық бірліктері

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің консулдықтары мен елшіліктері туралы деректер (өкілдіктер елі, ұйымның типі, ұйымның толық атауы, Орналасқан қаласы, Мекенжайы, Телефоны, ресми сайты, электрондық поштасы, виза беретін елдер (қоса атқаратын)

Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін шет мемлекеттермен визалық және визасыз режим

Өзге мемлекеттердегі ІІМ өкілдерінің тізімі

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері туралы деректер

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі ақпарат

Әшкере болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілетін қоғамдық мониторинг қорытындылары

Мемлекеттік қызмет кадрларының гендерлік құрамы туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметшілердің өтілі туралы статистикалық ақпарат

Мемлекеттік органдарда конкурстар өткізу нәтижелері туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы ақпарат

Президенттік жастар кадр резерві шеңберінде адамдарды жұмысқа орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы 10 жылдағы сайлауының қорытындылары

Өңірлер бөлінісінде мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға және сенімгерлік басқаруға беру бойынша ақпарат.

Экономика, сауда, өнеркәсіп, білім және ғылым, денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру, ауыл шаруашылығы, энергетика, қаржы, көлік, құрылыс және ТКШ, мәдениет және спорт, экология, халық пен қоғам, мқпарат, байланыс, құқықтық жүйе және қоғамдық қауіпсіздік жағдайы туралы ақпарат.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале