17.06.2024, 16:45
Оқылды: 187

Әскерде жүрген сарбаз комаға түсті: Президент кінәлілерді жазалауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
83EA6541-194E-426D-BAC7-732D81B9EABC
Сурет: akorda.kz
«Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті.
Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды», деп хабарлады Берік Уәли.
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале