Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде сарбаздардың демалыс күнінің жоспарына сәйкес 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Ұлттар достастығы» атты мәдени сазды кеш өтті.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Осы күні еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
Осы мереке аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде «Сударушки» және «Деркулочка» вокалды ансамбл ұжымы сарбаздарға концерттік бағдарламасын ұсынып, мерекелік іс – шарада ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетті.
Өз кезегінде ұландық сарбаздар «Сударушки» және «Деркулочка» вокалды ансамбл ұжымына ұйымдастырған мерекелік кеш үшін алғысы шексіз екендіктерін жеткізіп, алдағы 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.
Әубакир Ертуған,
капитан.
zhaikpress.kz