4.12.2023, 15:45
Оқылды: 45

Әскери қызметші әріптесін атып өлтірді

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы Қиялы шекара заставасында 22 жастағы Мәтжан Жанесенов көз жұмды. Оған әріптесі оқ атқан, деп хабарлайды Kazinform.

5a5c12f5-c6e4-40ac-bb97-35fa93220a8e

Фото: Алтынай Сағындықова

Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасының хабарлауынша, оқиға 2 желтоқсан күні болған.

— ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша шекара қызметі департаментінің «Қиялы» шекара заставасында келісімшарт бойынша еңбек ететін әскери қызметші әріптесімен жанжалдасып қалған. Содан кейін өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Жәбірленуші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Аталған факті бойынша Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Басқа мәліметтер ҚПК 201-бабына сәйкес жарияланбайды, — деп хабарлады Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасы.

Айта кейік, Мәтжан Жанесенов — Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тумасы.

— Отбасына қамқор болып отырған бала. Әлі сене алмай отырмыз, — деді апасы Айгүл Жанесенқызы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале