14.09.2021, 17:42
Оқылды: 44

Әскери қызметшілер балалы әйелді құтқарды

Ұландықтар Оралдағы жол-көлік оқиғасына тап болған әйел мен баланың аударылған көліктен шығуына көмектесіп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

 55

Оқиға бүгін 14 қыркүйек күні сағат 09:00 шамасында орын алған. Ұлттық гвардияның 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері құрамында 5517 әскери бөлімі командирінің орынбасары, майор Жеңіс Асылбиков, санитарлық нұсқаушы, ефрейтор Абылайхан Амангелдин және санитарлық машинаның жүргізушісі, қатардағы жауынгер Қуаныш Әбілқасымов қызметтік санитарлық автокөлікте әскери бөлім орналасқан жерден "Пойма" елді мекені маңындағы "Сұңқар" оқу орталығына келе отырып, темір жол өткелінде орын алған жол апатының куәсі болған. "Минивэн" көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен көлікті басқара алмай аударылған.

Әскерилер дереу қызмет көлігін тоқтатып, алғашқы медициналық көмек көрсетуге асыққан.

65 жастағы әйел мен оның бес жасар немересі қызметтік автокөлікпен Подстепное кентінің ауруханасына шұғыл жеткізілді.

Шұғыл жағдайда жедел әрекет еткені үшін әскери бөлімнің басшылығы әскери қызметшілерді грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Ерболат Сұлтанов,

подполковник

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале