5.02.2021, 9:49
Оқылды: 43

Әскери прокуратурадағы тексерістер

Орал әскери прокуратурасы да Орал гарнизонына қарасты әскери бөлімдер мен өзге де құрылымдарда заңның орындалуын жіті қадағалайды. Өткен жылы негізінен қылмыстық процестің заңдылығы мен мемлекет мүддесінің қорғалуына, әскерилердің және олардың жанұя мүшелерінің құқықтары мен денсаулықтарына баса назар аударылды.

ьек

Сондай-ақ бас әскери прокуратураның бастамасымен қабылданған бағдарламалар аясында Орал гарнизонында мерзімді әскери қызметшілер арасында өз-өзіне қол салу деректерін болдырмау бағытында тиісінше іс-шаралар жүргізілсе, «Әскерде қылмысқа орын жоқ» және «Прокурор сағаты» жобасы аясында атқарылған жұмыстар да өз маңыздылығымен ерекшеленді. Бұған қоса Қылмыстық процессуалдық кодекстің 200-бабы негізінде енгізілген ұсынбаларды қарауға прокурорлардың міндетті түрде қатысуы құқықбұзушылық пен қылмыстардың алдын алуға оң ықпалын тигізуде.

Әскери құқық қорғау құрылымдары электронды қылмыстық істер жүргізуге арналған құралдармен жабдықталмаса да, өткен мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан әскери полициясы үш қылмыстық істі электронды форматта тергеді. Осы жерде жыл басынан бері екі тексеріс басталып, оның біреуі аяқталып, екіншісі коронавирус індетіне байланысты тоқтатылғанын айта кетелік.

Сонымен қатар өзге де жүргізілген талдаулар нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталып, ол бойынша мемлекетке бір жарым миллион теңгеден астам қаражат өндірілді. Он тоғыз тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Өкініштісі сол, әскери қызметкерлер арасында да заңды бұзып, сот алдында жауап бергендер бар. Әскери сотта екі әскери қызметші айыпталып, оларға айыптау үкімдері шығарылды. Былтыр әскери бөлімдер мен мекемелерде бес әкімшілік құқықбұзушылық орын алып, кінәлілер жауапкершілікке тартылғанын да жасыруға болмас. Енді алдағы уақытта шешілуі тиіс мәселелер де бар. Нақтырақ айтсақ, шекара қызметінде штат құрамы бойынша толықтыру жұмысы жүйелі жүргізіліп, құқық қорғау құрылымдары электронды қылмыстық істерді тергеуге арналған арнайы құралдармен қамтамасыз етілуі керек. Бұл да қызмет сапасына оң ықпалын тигізері хақ.

 

Алтынбай Раев, 

Орал гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале