Елімізде әр жылдың 25 желтоқсаны психолог мамандарының кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Осы күні түрлі салада қызмет атқарып жүрген психолог мамандарға құрмет көрсетіліп, ерең еңбектері үшін ерекше ілтипат білдіреді.
Бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әскер қатарында да арнайы психолог мамандары қызмет етіп жатыр. Себебі ел қорғаны болып жүрген әскерилердің психологиялық жағдайы мықты болуға тиісті. Ұлттық ұлан әскер қатарында психолог мамандарының атқаратын жұмысы өте маңызды. Атап айтар болсақ, әскери борышын өтеп жүрген борышкерлерге түрлі психологиялық тренингтер өткізіп, арнайы психологиялық көмек көрсетіп келеді.
Осы мереке қарсаңында Ұландықтар «Батыс» өңірлік қолбасшылығының психолог мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, атқарып жүрген адал қызметтеріне алғыс білдіріп, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, атқарып жүрген адал қызметтеріне табыс тіледі.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі