4.03.2024, 11:30
Оқылды: 33

Аслан Өтеғалиев «Alash Pride FC 95» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Кеше Алматыдағы «Алматы-арена» стадионында «Alash Pride FC 95» халықаралық турнирі өтті.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

InShot_20240304_131031786

Турнирде 61 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкері, лейтенант Аслан Өтеғалиев жекпе-жекке шықты.

Оның қарсыласы ресейлік спортшы Харимулла Серажутдинов болды. Төрешілер шешімі бойынша Аслан қарсыласын 3 раундта жеңіп, ел мәртебесін асқақтатты.

Еске сала кетейік, Аслан халықаралық деңгейдегі бірнеше жарыстың жеңімпазы атанды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале