21.08.2025, 18:00
Оқылды: 88

Астанада ағза донорлығы туралы «Ароматное сердце» көркем фильмі көрсетілді

Астанада ағза донорлығы тақырыбын арқау еткен «Ароматное сердце» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті.
_gluster_2025_8_21_2a1dc03a7470f6f66d3ec9fdf5de4031_1280x720

Туынды буллинг, отбасындағы күйзеліс, жақындардың қолдауы мен адамның ішкі өзгерісі сияқты терең әлеуметтік тақырыптарды қозғайды. Басты кейіпкер – Самат, отбасына қатыгез, бұрын сотталған адам. Жүрек трансплантациясынан кейін оның өмірінде түсініксіз өзгерістер бола бастайды. Бұрын-соңды сезінбеген эмоциялар, жаңа әдеттер, айналасына мүлде басқа көзқараспен қарай бастайды.

Фильмнің қоюшы режиссері Максим Кодаров, ал режиссері – Елена Бегайдарова. Басты рөлдерді Ержан Нұрымбет пен Айнұр Бермұхамбетова, Тагир Мирзадинов сомдады.

Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. «Ароматное сердце» фильмі 21 тамыздан бастап кинотеатрларда кең көлемде көрсетіле бастайды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале