4.09.2024, 12:30
Оқылды: 54

Астанада садақ атудан Гран-при турнирі өтеді

30 қазан мен 4 қараша аралығында Астанада садақ атудан халықаралық Гран-при турнирі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

4135C78E-81C5-4F70-82FE-5EF031B887F8

Сурет: Olympic.kz

Осымен төртінші рет ұйымдастырылатын додаға Қазақстан мен алыс-жақын шетелдерден спортшылар қатысады.

Дәстүрлі бәсеке садақ ату спортының кеңінен  таралуына үлкен үлес қосқан бапкер Светлана Лиді еске алуға арналған.

Сондай-ақ, турнирдің басты мақсаты – балалар, жасөспірімдер мен ересектер арасында садақ ату спортының насихатын арттыру болып саналады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале