12.08.2026, 22:00
Оқылды: 0

Астанада үздік 30 жасқа 3 миллион теңгелік грант берілді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Астанада Халықаралық жастар күніне орай «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.

InShot_20260812_223239185

Фото: madenietaqparat

Сайыста үздік деп танылған бизнес, ғылым, мәдениет, медиа, IT және волонтерлік бағыттар бойынша 30 жобаның әр авторына 3 миллион теңге көлеміндегі грант сертификаты табысталды. Бұл грант 2021 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тағайындалған болатын.

​Іс-шара барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президенттің жастарға арналған құттықтауын оқып берді.

Өз сөзінде Аида Балаева кейінгі бес жылда елімізде 1,5 миллионға жуық жас жұмыспен қамтылғанын, 192 мың жас кәсіпкерлік негіздерін оқып, 23 мыңға жуық азамат өз бизнесін ашуға мемлекеттік грант алғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, «Наурыз», «Отау» және өңірлік бағдарламалар аясында 13 мыңға жуық жас баспанаға қол жеткізген. Айта кетейік, биыл байқауға 2 200-ден астам өтінім түсіп, грант жүзеге асырылған уақыттан бері оның иегерлерінің жалпы саны 153-ке жетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале