18.05.2017, 16:57
Оқылды: 53

Астанада Халықаралық қайырымдылық BI-марафоны өтеді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өткізген брифингте BI Group Development холдингі басқармасының төрағасы Амангельды Омаров хабарлады. Брифингке боксшы, олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Бақтияр Артаев, «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының директоры Гүлхан Исабаева, жеке кәсіпкер және марафоншы Ақмарал Мейірман қатысты.


Басқарма төрағасы айтып өткендей, BI Group компаниясы еліміздің халық арасында бұқаралық спортты дамыту бойынша саясатын белсенді түрде қолдайды.

Жиналған барлық қаражат «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорына жіберіледі. 2004 жылдан бастап қор мүмкіндіктері шектеулі балаларға, сондай-ақ балалар мекемелері мен ауруханаларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Қор шетелден жоғары білікті мамандарды шақыра отырып, емделіп жатқан балаларға хирургиялық ота жасайды. 2,5 жылдың ішінде сал ауруына шалдыққан үш жүзден астам қазақстандық балаға ота жасалды, 1000-нан астам оңалту курсы жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, BI-Марафон өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылды. Жиналған қаражатқа сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу үшін медициналық жабдықтар сатып алынды. Бүгінде ол Астанадағы «BI-Жұлдызай» медициналық оңалту орталығында, балалардың емдік іс-шараларына қолданылып келеді.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале