Осыған дейін, бүгін Елордадағы «Қазмедиа» орталығында Қазақстанның ХI Азаматтық форумы басталғанын жазған едік.
Дәл қазіргі уақытта форум аясында панелдік сессиялардың отырысы өтуде.
Бірінші панельдік сессия отырысында «Орталық Азиядағы ОДМ-ға қол жеткізуді жеделдету үшін азаматтық қоғаммен өңірлік әріптестікті қалыптастыру» халықаралық конференциясы өтсе, екінші панельдік сессияда «Халықтық дипломатия – ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тиімді сыртқы саясатының кепілі» дөңгелек үстелі өтті.
Кейінгі үшінші панельдік сессияда «Әйелдер. Бейбітшілік. Қауіпсіздік» тақырыбында сөз қозғалуда.
Отырысты бастаған ҚР Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Салтанат Тұрсынбекова қоғамдағы әйел орнын ерекше атап өтті.
Сессияда әйелдердің қауіпсіздігі мәселесі тереңінен талқыға салынуда.
Гүлмира Сарсенғали
Арнайы Астанадан
zhaikpress.kz