18.10.2023, 9:15
Оқылды: 77

Астанада ХI Азаматтық форум басталды

Дәл қазір Астана қаласындағы «Қазмедиа» орталығында Қазақстанның ХI Азаматтық форумы басталды. Форумда азаматтық қоғам дамуының басты бағыты талқыланып жатыр.

форум

Форум екі күнге 18-19 қазанға жоспарланған. Оған еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам қатысушы, оның ішінде ҮЕҰ жетекшілері, қоғамдық кеңестердің төрағалары, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес өкілдері, өңірлік және ұлттық даму институттары, ҚР «Атамекен» ҰКП, азаматтық белсенділер, БАҚ өкілдері қатысып отыр.

Осы жылғы форумның тақырыбы – «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін – азаматтық қоғам дамуының басты бағыты».

Оның міндеті – Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Әділетті мемлекет құру мақсатына жету үшін мемлекеттің толыққанды және өзара тиімді серіктесі ретіндегі азаматтық сектордың қоғамды топтастырудағы рөлін анықтау.

форум

2023 жылы алғаш рет еліміздің 20 өңірінде облыс әкімдіктері мен Өңірлік Кәсіпкерлер Палаталарының қолдауымен қоғам белсенділері өңірлік форумдарды ұйымдастырды.

Белгілі бір аймаққа тән түрлі тақырып аясында өзекті мәселелер көтерілді.

Соның ішінде Батыс Қазақстан облысында инклюзивті мемлекеттік саясат және оған азаматтық қоғамның үлесін қосу мәселелері туралы сөз қозғалды.

форум

Қазақстанның Азаматтық Альянсы және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін Азаматтық форумдар екі жыл сайын өткізіледі.

Айта өтейік, Батыс Қазақстан облысынан келген делегация құрамы да форумға қатысуда.

95f77ace-e163-4942-9948-e07ce4bc9f78

Алдағы уақытта форумның өту барысы мен талқыланатын мәселелерден хабардар етіп отырамыз.

Гүлмира Сарсенғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале