27.09.2023, 16:00
Оқылды: 36

Астық импортын шектеу: тыйым транзитке, элеваторларға, құс фабрикасына және өңдеушілерге әсер етпейді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің 25 қыркүйекте Қазақстан аумағына авто және темір жол көліктермен бидайды әкелуге тыйым салу туралы бұйрығы шыққан еді.

дала (3)

Фото: zhaikpress.kz

Министрлік, тыйым – лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарына вагондармен импортталған бидайға әсер етпейтінін хабарлайды. 

Тыйым Қазақстан аумағы арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға да әсер етпейді.

Қабылданған шара елдің халықаралық міндеттемелеріне, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ нормаларына қайшы келмейтін көрінеді.

ЕАЭО туралы шарттың 29-бабына сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тауарлардың өзара саудасында, егер олар елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда ғана шектеулерді қолдануға құқылы.

Министрліктің хабарлауынша, ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, астықтың жалпы жиналуының күтілетін көлемі республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады.

Ауыспалы бидай қоры 1 қыркүйекте 3,7 млн тоннаны құраған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале