11.01.2022, 15:40
Оқылды: 44

Астық түсімі кеміді, жем-шөппен қамтамасыз ету қиындауы мүмкін – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелерін және егін науқанын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

34

«Ауыл шаруашылығына ерекше назар аудару керек. Соңғы жылы елімізде қуаңшылық болды, былтырға қарағанда жиналған астық көлемі 4 млн тоннаға кеміді. Бұл шикізатпен және жем-шөппен қамтамасыз ету ісіне әсер етті. Болжам бойынша, биыл да ахуал күрделі болуы мүмкін. Үкімет тұқыммен, жем-шөппен, тыңайтқышпен қамтамасыз ету мәселелерін және егін егу науқанын қатаң бақылауда ұстауы тиіс», - деді Президент Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтті.

«Еңді, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл - шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік. Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!», - деді Мемлекет басшысы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале