Жиен немеремнің үлкені Асылхан биыл мектепке даярлық тобына барып жүр. Мұндай азаматқа енді кәмпит-күлше мен ойыншықтан гөрі негізінен кітап алған дұрыс. Осы оймен мен оған жақында алғаш рет кітап сатып алдым.
Ол кітап «Жан-жануарлар мен құстар әліппесі» деп аталады. Балалар аң-құстардың атауы арқылы әріп танып, әліпбиді үйренеді. Әрі үшбу кітаптың хайуанаттардың суреттері салынған әдемі жапсырмалары бар. Менің бұл базарлығым Асылханға қатты ұнады!
Кітап қолына тиген күні ол бірер әріпті жазып көрді. Әрі біраз аң-құстың тұсына әрқайсысының суретін жаңылмай жапсырып шықты. Ендеше, ата-әжелер, мұндай танымдық кітаптан сіздің немереңіз де құр қалмасын! Аң-құстар әліппесі Оралдағы «Жәңгір хан» кітап дүкенінде сатылуда.
Балаларға базарлық ретінде осындай керемет кітап жазған белгілі ақын Байбота атаға бек рақмет!
Бауыржан Әлжан,
Орал қаласы
zhaikpress.kz