5.11.2021, 9:52
Оқылды: 180

Асылханға ұнады

Жиен немеремнің үлкені Асылхан биыл мектепке  даярлық тобына барып жүр. Мұндай азаматқа енді кәмпит-күлше мен ойыншықтан гөрі негізінен кітап алған дұрыс. Осы оймен мен оған жақында алғаш рет кітап сатып алдым.

1

Ол кітап «Жан-жануарлар мен құстар әліппесі» деп аталады. Балалар аң-құстардың атауы арқылы әріп танып, әліпбиді үйренеді. Әрі үшбу кітаптың хайуанаттардың суреттері салынған әдемі жапсырмалары бар. Менің бұл базарлығым Асылханға қатты ұнады!

3

Кітап қолына тиген күні ол бірер әріпті жазып көрді. Әрі біраз аң-құстың тұсына әрқайсысының суретін жаңылмай жапсырып шықты. Ендеше, ата-әжелер, мұндай танымдық кітаптан сіздің немереңіз де құр қалмасын! Аң-құстар әліппесі Оралдағы «Жәңгір хан» кітап дүкенінде сатылуда.

4

Балаларға базарлық ретінде осындай керемет кітап жазған белгілі ақын Байбота атаға бек рақмет!

Бауыржан Әлжан,

Орал қаласы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале