30.11.2021, 22:15
Оқылды: 48

«Атамекен» өнер ордасында Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Атамекен» өнер ордасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Елбасының ерен еңбегі, дара жолы мен өмірлік ұстанымы, сондай-ақ егемен еліміздің дамуы жолында қосқан үлесін атады.

CFFDE8EB-FF09-4FF6-A4C7-F5D91398A879

Мерекелік басқосуда алдымен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының студенттік өмірі мен жастық шағынан сахналанған қойылым көрсетілді. Өңір өнерпаздары ән салып, би биледі. Оркестрдің сүйемелдеуімен дәстүрлі әндер шырқалды. Күмбірлете күй тартылды.

5499C184-439B-405C-9763-DB5F62237E7C

- Құрметті батысқазақстандықтар, сіздерді Тұңғыш Президент күнімен және Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Тарих үшін 30 жыл қас-қағым сәт болғанымен, сол аралықта буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыт мемлекеттермен иық тіресіп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын паш етті. Егемендігімізді бекітіп, еліміздің даму бағытын айқындау жолындағы Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегін халқымыз әрдайым жоғары бағалайтыны сөзсіз. Біз әлем бойынша тоғызыншы орын алатын жеріміздің шекарасын толық шегендедік. Дүниежүзі Тәуелсіз Қазақстанды сенімді серіктес ретінде таныды. Елбасының жеке тапсырмасымен "Болашақ" бағдарламасы жүзеге асырылып, жастарымыз жыл сайын әлемдегі ең атақты оқу орындарында білім алуда. Осындай ауқымды өзгерістерде Елбасы бастамашы және көшбасшы болды. Мұны бүгінгі буын және келер ұрпақ бағалауы керек. Күлтегін бабамыз "Халқына - бегі, бегіне - халқы сенген ел ұзақ жасайды" деп жазған. Еліміздің сан ғасырлар бойғы арман-үмітін ҚР Тұңғыш Президенті жүзеге асырды. Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді алып, зайырлы мемлекет болдық. Баршаңызға ел тыныштығы мен отбасылық бақыт-береке тілеймін, - деді Ғали Нәжімеденұлы.

3AA32068-B2B3-4674-808D-506F81DF78E1

CEF892E4-B8BB-4DB6-B4CE-4E8B75866114

3169C88A-1642-45B3-B7ED-E533D86571A7

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале