24.01.2025, 17:15
Оқылды: 55

Атаулы әлеуметтік көмекке қалай өтініш беруге болады?

Атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не және кімге керек?

Жан басына шаққанда отбасының орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен азаматтар (отбасылар) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, босқындарға, шетелдіктерге және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға көрсетіледі.

Ақша JP

Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты пайыздық мәнде жан басына шаққандағы орташа күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды.

Атаулы әлеуметтік көмекке қалай өтініш беруге болады?

Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам (отбасы) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына, ал тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді.

Сондай-ақ электрондық үкіметтің веб-порталы және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшасы арқылы жүгінуге болады.

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале