13.01.2017, 21:16
Оқылды: 56

Аттестация кезінде мемлекеттік қызметке түсуге мораторий жарияланбайды 

   ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттау тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. БАҚ өкілдерінің сауалдарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова жауап берді.

 

«Биылғы аттестаттаудың бұрынғылардан ерекшелігі - мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру үшін олардың кәсіби даярлығы мен мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған. Аттестациялау уақытында мемлекеттік қызметке түсуге мораторий жарияланбайды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің  ішкі ауысуы болуы мүмкін және қызметшілерге аттестациядан өту талабы ғана қойылады. Сонымен қатар, уақытша орында отырған қызметші аттестациялық комиссияның шешімін күтпей, конкурсқа қатысуға құқылы»,-деді спикер.

Аттестациялық комиссияның құрамына қызметшілермен бірге қоғам өкілдері мен БАҚ өкілдері тартылатын болады. Бұның барлығы мемлекеттік қызметке түсу барысының ашықтығын қамтамасыз ету бағытында жасалынып отыр, - деді  Айгүл Амантайқызы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале