20.11.2020, 10:20
Оқылды: 5

Аттестаттау ережесі өзгерді

Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте Батыс Қазақстан облысының  білім саласында сапаны қамтамасыз  ету департаменті басшысының орынбасары Луара Батырғалиева педагогтерді аттестаттаудағы жаңа өзгерістер жайын баяндады. Оның айтуынша, биыл ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 мамырдағы №202 бұйрығы жарық көрді.

F38F6337-4579-4D2B-8F4F-8E3F22BF75DA

Жаңартылған ережеге сәйкес ұлттық біліктілік тестілеу педагогтер үшін бір реттегі, күнтізбелік жыл ішінде қайтадан өту және сынақ ретінде тапсыру ақылы, ал білім беру ұйымдарының басшылары үшін күнтізбелік жылдың бір айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде ақылы өтеді. Ұлттық тестілеу аяқталғаннан кейін педагог оның нәтижесімен танысып, негіздемелермен келіспеген жағдайда республикалық апелляциялық комиссияға ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляцияға жолдайды. Апелляция тест тапсырмаларының мазмұнын саралап, дұрыс құрастырылмаған тест тапсырмасы, техникалық себептерден тапсырма бөлігі немесе мәтін болмаған жағдайда қаралады. Тестілеудің теріс нәтижесін көрсеткен  аттестатталушылар екінші кезеңге  жіберілмейді.

– Педагогтер үшін ұлттық біліктілік тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда өз өтініші негізінде «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес аттестаттау рәсімі, яғни біліктілік санатын беру жалғасады.  Аттестатталушы аттестаттау кезінде алғаш рет кез келген біліктілік санатына өтініш бере алады. Аттестаттау қабылданған сәттен бастап үш жыл кезең өткеннен кейін алты айдан кешіктірілмей өткізіледі. Білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларын аттестаттау портфолио ұсынған аттестатталушының кәсіби шеберлігі мен жетістіктерін ескере отырып жүзеге асырылады,  – деген Луара Батырғалиева аттестаттау комиссияларының жұмысы жөнінде баяндады.

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале