3.04.2025, 14:45
Оқылды: 40

Атыңызға қанша SIM карта тіркелгенін тексеруге болады: нұсқаулық

eGov порталында бір ЖСН-ге тіркелген SIM карта санын тексеруге арналған жаңа функция пайда болды. Мұны қалай тексеруге болады? Massaget.kz тілшісі материалында.

Бұл қызмет мобильді нөмірлер заңсыз тіркелуіне қарсы енгізілген.

Жаңа функцияны қайдан табуға болады?

ЭЦҚ немесе SMS арқылы eGov mobile-ға тіркеліңіз. "Танымал қызметтер" бөлімінен "Абоненттік құрылғының IMEI-ін тексеру" деген тармақты таңдаңыз.

73d874964cfb9fdbe2b0621f56204b7b

Сурет: Massaget.kz 

Осыдан кейін мыналарды біле аласыз:

  • сіздің IMEI-іңіз деректер базасында тіркелген бе;
  • сіздің IMEI-іңіз бойынша қанша SIM карта тіркелген;
  • сіздің ЖСН-ге қанша нөмір рәсімделген?

Ақпарат алу үшін өзіңіз қажет нұсқаны таңдаңыз, кейін нені тексергіңіз келетініне байланысты ЖСН немесе IMEI енгізіңіз.

Айта кетейік, eGov нөмірлерді көрсетпейді, тек тіркелген SIM карта санын көрсетеді. Бұл қызмет әзірге тек eGov mobile қосымшасында қолжетімді.

Еске салайық, бұған дейін eGov-та маңызды функция пайда болғаны хабарланды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале