Warning: session_start(): open(/tmp/sess_rfh0hhotqb878efoieudb5o13c, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Атырау – Орал автожолында орташа жөндеу жүріп жатыр: жұмыстар Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында атқарылуда - официальные новости ЗКО
29.06.2026, 12:30
Оқылды: 6

Атырау – Орал автожолында орташа жөндеу жүріп жатыр: жұмыстар Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында атқарылуда

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ республикалық маңызы бар KAZ12 «Атырау – Орал» автомобиль жолында орташа жөндеу жұмыстарын жалғастырып келеді. Жоба Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағын қамтиды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы жазды. 

photo_5325814882642892964_y
Сурет: kz.qaj.kz

«Атырау – Орал» автомобиль жолы батыс өңірдегі негізгі көлік күретамырларының бірі. Бұл бағыт облысаралық байланысты қамтамасыз етіп, жолаушылар мен жүк тасымалы үшін кеңінен қолданылады. Сонымен қатар жол бойындағы елді мекен тұрғындары үшін де әлеуметтік маңызы жоғары.

Бағыттың маңыздылығын ескере отырып, жұмыстар кезең-кезеңімен ұйымдастырылған. Қазіргі таңда учаскелерде жол төсемін кешенді жаңарту қолға алынған. Атап айтқанда, шөгу мен иірім түзілімдерін жою, жол негізін нығайту, жабынның төменгі және жоғарғы қабаттарын салу, сондай-ақ жол инфрақұрылымының жекелеген элементтерін жаңарту көзделген.

Атырау облысында орташа жөндеу 95–189 шқ аралығындағы ұзындығы 94 шақырым учаскеде жүргізілуде. Мұнда шөгулерді жою, иірімдерді қалпына келтіру, тегістеу қабатын және жаңа жол жабынын салу жоспарланған.

Қазіргі уақытта аталған учаскеде негіздің 2,5 шақырым жоғарғы қабаты және жабынның 1,5 шақырым төменгі қабаты дайындалды. Биыл төменгі қабатты толық аяқтап, сол деңгей бойынша қозғалысты ашу көзделіп отыр. Бұл учаскедегі жұмыстарды толық аяқтау 2027 жылға жоспарланған.

photo_5325814882642892963_y
Сурет: kz.qaj.kz

Батыс Қазақстан облысында жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 180 шақырым болатын үш учаскеде жүзеге асырылуда.

189–249 шқ аралығындағы ұзындығы 60 шақырым учаскеде жол негізі мен жабынның төменгі қабатын салу жұмыстары атқарылуда. Бүгінгі күні 4,9 шақырым жол негізі және 38,4 шақырым төменгі қабат дайын. Сонымен қатар төрт аялдама кешенін жаңарту қарастырылған.

372–432 шқ аралығындағы ұзындығы 60 шақырым учаскеде жол негізі, жабынның төменгі және жоғарғы қабаттары салынып жатыр. Қазіргі таңда 8,3 шақырым жол негізі, 18,1 шақырым төменгі қабат және 12,7 шақырым жоғарғы қабат аяқталды. Бұдан бөлек, ұзындығы 1 136 бойлық метр болатын қисық сызықты білеу орнату және жеті аялдама павильонын жаңарту жоспарланған.

432–492 шқ аралығындағы ұзындығы 60 шақырым учаскеде жабынның 38,9 шақырым төменгі қабаты дайындалды. Жөндеу аясында жоғарғы қабатты салу, ұзындығы 3 115 бойлық метр болатын қисық сызықты білеу орнату және 11 аялдама павильонын жаңарту көзделген.

photo_5325814882642892962_y
Сурет: kz.qaj.kz

Батыс Қазақстан облысындағы аталған үш учаскедегі жұмыстарды ағымдағы құрылыс маусымы ішінде аяқтау жоспарланып отыр.
Жобаны жүзеге асыру жолдың көлік-пайдалану жағдайын жақсартып, қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға, сондай-ақ Атырау және Батыс Қазақстан облыстары арасындағы өңіраралық байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале