Бүгін түнде, сағат 3.29-да "Атырау-Орал" тас жолының 259 шақырымында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы орын алды.
Ақжайық ауданы Атамекен ауылынан 10 шақырым қашықтықта екі "Тойота камри" автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде 4 адам қаза тауып, 6 адам Тайпақ ауылының ауруханасына жеткізілді.
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің нақтылауынша, ауа райының нашарлауына байланысты аталмыш бағыттағы күре жолды 26 ақпан күнгі сағат 00.00-ден бастап жабу туралы шешім қабылданған болатын. Алайда такси жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған. Соның салдарынан екі көліктің бетпе-бет түйісуіне жол берген.
Осыған байланысты, облыс тұрғындарынан шұғыл қажеттіліксіз ұзақ жолға шықпауды сұраймыз.
Төтенше жағдай кезінде "112", "101" телефон номерлеріне хабарласыңыздар!
zhaikpress.kz
Суреттің дереккөзі inform.kz