8.06.2022, 10:15
Оқылды: 86

Атырау тұрғыны үш миллион теңге айыппұлы бар көлік сатып алған

Атырау қаласының тұрғыны 3 миллион теңгеге жуық айыппұлы бар көлікті сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_100434 (1)

Атырау полициясы Грузия елінде тіркелген темір тұлпардың 106 рет жол ережесін бұзғанын анықтаған.

Ал "Toyota Highlander" автокөлігінінің иесі мұны жол полициясы тоқтатқанда бір-ақ білген. Ол көлікті тек 2-3 күн бұрын ғана сатып алғанын айтқан. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, көлік арнаулы тұраққа қойылды. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

"Көлік айыппұлды толық төлегеннен кейін ғана қайтарылады. Жыл басынан бері Атырау облысында шетелдік нөмірлі көліктермен жол жүру ережесін бұзудың 12 570 дерегі тіркелді. Полицейлер көлік сатып аларда алдын ала құжаттарды тексеруді сұрайды", - деп түсіндірді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале