Атырауда 4-қабаттан құлаған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқыс оқиға бүгін, 13 қаңтарда сағат 00:58-де болған.
«Департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесіндегі тұрғын үйдің 4-қабатынан ер адамның құлағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында 1994 жылғы жігіттің 4-қабаттағы кіреберіс терезесінен секіріп, 2-қабаттағы күнқағарына ілініп қалғанын анықтады. Құтқарушылар ілініп тұрған жігітті құтқарып, жедел медициналық көмек дәрігерлеріне тапсырды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Авариялық-құтқару жұмысына жедел-құтқару жасағының 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.