7.10.2024, 16:15
Оқылды: 170

Атырауда әке-шешесін өлтірген 25 жастағы жігіт өзіне қол салды

Атырауда 25 жастағы жігіттің әке-шешесін өлтіргені анықталды. Кейін ол өзіне қол салған, деп жазды ҚазАқпарат.

Полиция ЖП

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.

«Қазір адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес 25 жастағы ер адам өзінің 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтірген. Кейін өз-өзіне қол салған. Қазір аталған оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Әзірге 25 жастағы жігіттің әке-шешесін өлтіруіне, өзіне қол салуға не себеп болғаны белгісіз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале