Атырауда қатты жел бірнеше үйдің шатырына зақымдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау тұрғындарына «9 желтоқсанда желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді» деген ескерту келген болатын. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше тұрғындардан бірнеше қоңырау түскен.
«Қатты желдің салдарынан Атырау қаласындағы Абай, Қожақаев көшелерінде, «Лесхоз» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлерде шатырын зақымдаған. Бұл туралы тұрғындардан түскен шағымға байланысты құтқарушылар ұшқалы тұрған шатырларды бекіту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Қ.Сәтбаев көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасының құлағалы тұрған бөліктерін алып тастады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жеке үй өртеніп, күйік шалған бір адам ауруханаға түскен болатын.