10.12.2021, 10:30
Оқылды: 42

Атырауда қатты жел бірнеше үйдің шатырын зақымдады

Атырауда қатты жел бірнеше үйдің шатырына зақымдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8

Атырау тұрғындарына «9 желтоқсанда желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді» деген ескерту келген болатын. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше тұрғындардан бірнеше қоңырау түскен.

9

«Қатты желдің салдарынан Атырау қаласындағы Абай, Қожақаев көшелерінде, «Лесхоз» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлерде шатырын зақымдаған. Бұл туралы тұрғындардан түскен шағымға байланысты құтқарушылар ұшқалы тұрған шатырларды бекіту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, Қ.Сәтбаев көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің сыртқы қаптамасының құлағалы тұрған бөліктерін алып тастады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

10

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда жеке үй өртеніп, күйік шалған бір адам ауруханаға түскен болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале