26.06.2024, 15:16
Оқылды: 260

Атырауда үстіне ескерткіш құлаған 7 жасар қыз қайтыс болды

Атырауда 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлады. Жасөспірім ауруханада көз жұмды.

42701A11-EC6D-4C79-AC32-88B71BE431DB

Фото: atpress.kz

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 26 маусымда болған. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Түнгі сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы «Жеңіс» саябағы алаңында 2017 жылғы жасөспірім қыздың үстіне ескерткіш құлаған. Жасөспірім алған дене жарақатының салдарынан облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты тергеу амалдарын жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале