5.10.2023, 23:59
Оқылды: 94

Аудан әкімі лауазымына кандидаттарды тіркеу аяқталды

БҚО аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін пилоттық режимде сайлауға кандидаттар ұсыну қорытындысы пысықталды. 

IMG-20231005-WA0214

– «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 113-3-бабына және Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандары әкімдерін сайлаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 5 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталды. Үміткерлерден құжат қабылдау кезеңі тәмамдалды. Аудандық аумақтық сайлау комиссияларының қорытынды хабарламаларына сәйкес Бөкей Ордасы ауданы бойынша 7, Қаратөбе бойынша 3, Тасқала бойынша 6 кандидат ұсынылды. Құзырлы органдар заңнама аясында 11 бөлім бойынша кандидаттардың біліктілік талаптарына сәйкес болуын анықтайды. Осыдан соң әр кандидатқа сайлау парағы ұсынылады. Олардың сенімді өкілдері сайлау парағына сайлаушылардың бір пайызының қолын қойдырып алып келеді. Содан кейін кандидаттар салық декларациясын тапсырады. Қазанның 10-ына дейін нақты қанша кандидат сайлауға түсетіні белгілі болады. Үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмысын бастайды, - деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов.

IMG-20231005-WA0218

Кандидаттар туралы толық ақпаратпен келесі сілтемелер арқылы танысуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/activities/31179?lang=kk&parentId=31176

Бөкей Ордасы ауданы: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bokeyorda/documents/details/532085?lang=kk

Қаратөбе ауданы: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/documents/details/532072?lang=kk

Тасқала ауданы: https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-taskala/documents/details/532077?directionId=31630&lang=kk

IMG-20231005-WA0215

IMG-20231005-WA0213

IMG-20231005-WA0216

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале