6.04.2017, 12:01
Оқылды: 41

Аудандардағы туризм орталықтарының балалар тасымалдайтын көліктері тозған

Негізінен бұндай автокөліктердің жүру мерзімі 10 жылдан аспауы керек екен. Аудандар арасында Жəнібек пен Ақжайық орталықтары көліктері ғана талапқа сəйкес. Бұл жайында Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі жəне экология орталығының басшысы Виктор Фомин айтты.


 

Оның мәліметінше, біздің облыста 14 туризм орталығы мен стансалары бар. Олардың материалдық-техникалық базаларын нығайту бағытында қажетті шаралар алынуда. Дегенмен Шыңғырлау мен Ақжайық аудандардағы туризм орталығы ғимараттарын жөндеу өзекті күйінде.

- Өңірде 9 туристік орталық бар. Бөкейорда, Зеленов, Бөрлі және Орал қаласында жыл бойына жұмыс жасайтын базалар орналасқан. Облыс орталығы мен аудандарда 22 шыңға өрмелеу жабдығы пайдалануға берілген. "Батыс-West" облыстық құрамасы туристік көпсайыстарда жеңімпаз-жүлдегер атануда. Өңірде 57 үйірме, 136 мектеп музейі жұмыс істейді. Соның ішінде Бөрлі ауданындағы музейлердің жетекшілеріне жақсы жағдай жасалған, яғни, тұрақты жалақымен қамтамасыз етілген,- дейді ол.

Виктор Фоминнің айтуынша, туристік-өлкетану бағытында экспедициялар, веложорықтар, түрлі іс-шаралар уақтылы ұйымдастырылуда. Әсіресе, РФ-ның шекаралас өңірлеріндегі әріптестермен, өзара тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар, ғылыми конференциялар, бірлескен туристік жорықтар өтуде.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале