Ауғанстанда бұрынғы үкіметтің құрамында жұмыс істеген мемлекеттік қызметшілердің дүние-мүлкі сатылады. Сатылымнан түскен қаражат осы елдің электр энергиясы үшін қарызын жабу үшін жұмсалмақ, деп жазды Хабар 24.
Бірақ сарапшылардың айтуынша, бұл шара берешектің аз ғана бөлігін өтейді. Тәліптердің мәлімдеуінше, жиған-тергені талан-таражға түскен экс-шенеуніктердің барлығы шетелге қашып кеткен.
Айта кетейік, Ауғанстанның электр жарығын тұтынғаны үшін Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Иран алдындағы қарызы 62 миллион долларға жеткен. Сондай-ақ «Талибан» билік басына келгелі электр энергиясы үшін ақша жинақтау деңгейі 70 пайызға төмендеген. Энергетикалық компания берешектен құтылу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымынан көмек те сұраған.
BAQ.KZ.