Израиль вакцинацияның ауқымды нәтижелеріне қарамастан коронавирустың таралуын тоқтата алар емес.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлауынша, өткен тәулікте елде COVID-19 жұқтырудың 4 800 жаңа жағдайы тіркелді.
Осылайша жұқтырғандардың саны 1 244 580-ге жетті, пандемия кезінде 7 582 адам қайтыс болды.
Ауруханаға жатқызу статистикасы да өсуде. Қазіргі уақытта ауыр халдегі науқастардың саны 723-ті құрайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, COVID-19 вакцинасының алғашқы дозаларын 9,3 млн тұрғынның 6 000 000-нан астамы (64,6 %) алды, шамамен 5,6 млн екінші дозасын алды.
3 000 000-нан астам препараттың үшінші дозасымен ревакцинация жасады.
baq.kz