25.11.2021, 12:21
Оқылды: 33

«Аурушаңдықты өсіру үшін балабақшаларда балаларды улап жатыр»: Фейк

Telegram-дағы танымал каналдардың бірінде мектеп жасына дейінгі балалардың ЖРВИ-мен жиі ауыра бастағаны талқылануда. Айтуларынша, бұл балабақшаларды дезинфекциялауға арналған заттармен әдейі улаудың салдары. Stopfake сайтының жазуынша, бұл пайымдардың негізі жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211125104959790e

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл хабарламаларға қатысты пікірін білдірді. Мәлім етілгендей, балалар күн суытқандықтан жиі ауыра бастаған.

«Республикада тіркелген ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық деңгейі бақылау деңгейінен аспайды. Індетке қарсы жедел шараларды қабылдау мақсатында ҚР халқының жіті респираторлық вирустық инфекциялармен және тұмаумен және тұмау вирусының айналымымен сырқаттанушылық жағдайына күн сайын мониторинг жүргізіледі. Тұмау емес респираторлық вирустардың (парагрипп, риновирус, аденовирус және басқалары) айналымы және А тұмауы вирусының спорадиялық тіркелуі байқалады. Алдыңғы індет маусымдардағыдай, науқастардың негізгі үлесі шамамен 70% – 14 жасқа дейінгі балалар құрайды», – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Ол балалардың вирус жұқтырудан емес, балабақшаларда бөлмелерге әдейі улы заттар шашудың салдарынан ауырады деген теорияны жоққа шығарды.
«Қазақстанда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу үшін, оның ішінде балабақшаларда Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады», – деп хабарлады Ержан Байтанаев.
Кеңес етілгендей, ЖРВИ алдын алу үшін балаларды адам көп жиналатын орындарға апармау керек, тұрғын үйді жиі желдетіп, бөлмеде ылғалды тазалау жүргізу, қолды сабынмен мұқият және жиі жуу немесе антисептиктер пайдалану қажет.
Демек, мектепке дейінгі жастағы балалар балабақшаларда әлдебір қауіпті химикаттар шашудан ауырады деген ақпарат фейк.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале