30.01.2022, 17:29
Оқылды: 92

AusOpen-2022. Ақтық сынға өткен Анна Данилина шешуші кезеңде жеңіліс тапты

Қазақстандық-бразилиялық жұп Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя теннистен Австралия Ашық чемпионатының ақтық сынында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

6120eb5985c9463c92c1c3083a7e7994

Шешуші матчта Анна мен Беатрис үш сеттегі айқастан кейін әлемнің үздік әйелдер жұбы - чехиялық Барбора Крейчикова мен Катерина Синяковаға жол берді.

Алғашқы ракеткалар AusOpen-2022 жұптық сынының бірінші партиясында ұпай жоғалтты - 6:7, содан кейін қалған екеуінде бағы жанды - 6:4, 6: 4. Осылайша Токио-2020 Олимпиада чемпиондары Крейчикова және Синякова Үлкен Дулыға турниріндегі жұптық жарыста төртінші олжаны еншіледі.

29 қаңтарда жекелеген ақтық сында жергілікті теннисші және әлемдік рейтингтің бірінші нөмірлі спортшысы Эшли Барти америкалық Даниэла Коллинзді жеңіп кетті - 6:3, 7:6.

Ал бүгін, 30 қаңтарда, сағат 14:30-да (Нұрсұлтан уақыты бойынша) ерлердің ақтық сыны басталады, онда Рафаэль Надаль мен Даниил Медведев кездесетін болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале