22.01.2024, 11:00
Оқылды: 41

Australian Open: 16 жастағы Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты

Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандық Амир Омарханов үшінші айналымға шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

australian_open_zhas_1705897069

Фото: ktf.kz

Бастапқы кездесуінде жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған 16 жастағы қазақстандық теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты.

Есесіне екінші сетте тай-брейкте Амир сәтті ойнады — 7:6 (8:6).

Шешуші, үшінші партияда Омарханов 5:3 есебімен алға шықты. Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.

Тартысты матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен кездеседі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале