2.01.2022, 13:00
Оқылды: 17

Аустрия полициясы жалған коронавирус сертификаттары туралы істі тергеуде

Аустрияның құқық қорғау органдарының болжауынша, ондаған адам Венадағы ірі вакциналау орталықтарының бірінен жалған құжаттар алған. Әзірге алаяқтардың мұндай қызмет үшін қандай сома сұрағаны белгісіз.

22D47B8D-51B7-4CB4-A940-6BF75512B9B3

«Желтоқсанның басында біздің орталықта екпелермен манипуляция жасалғанын білдік. Бізге бұл туралы әріптестеріміз айтты. Электрондық тізілімдегі деректер тексерілгеннен кейін барлығы анықталды», - деді Samariterbund вакциналау орталығының қызметкері Стефани Курцвейл. Стефанидің айтуынша, 30-100 адам жалған сертификаттар алған болуы мүмкін. Қазіргі кезде бұл алаяқтыққа қатысы бар орталықтың екі қызметкері жұмыстан шығарылған.

«11 желтоқсан күні 26 жастағы Аустрия азаматшасы телефон арқылы кейін вакцина алғандар тізіміне енгізілген адамдардың тегін жазып алған. Бұл адамдар коронавирусқа қарсы екпе салдырмаған деп күмәнданып отырмыз», - деді Вена полициясының өкілі Барбара Гас.

Кінәсі дәлелденген жағдайда, әйел бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Соңғы екі апта мен айларда Аустрия халықты вакциналау бойынша көрсеткіштерін жақсартты. Елде халықтың 70%-ы вакцина салдырған. Алайда енді бұл статистикаға сенімсіздік туып отыр.

Дереккөз:ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале