23.04.2026, 15:00
Оқылды: 72

Ауыл әкімдер форумына облыс басшысы қатысуда

«Атамекен» өнер орталығында Батыс Қазақстан облысы ауылдық округтері әкімдерінің «Ауыл — ел тірегі: жаңа даму кезеңі мен әріптестік» атты I форумы өтуде.

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.46.40

Іс-шараны ашқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқанын атап өтті. Оның айтуынша, облыс негізгі жеті көрсеткіш бойынша тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

—Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылдың 28 қарашасында өткен Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында ауылдың жағдайы еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе екенін айтып, елді мекендерді дамытуға қатысты жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап берді. Президент «Халқымыздың тамыры – ауылда. Ауылдарымыз мықты болса, еліміз де берекелі болмақ. Сондықтан ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше» деп атап өтті. Расында да, Сіздер, ауыл әкімдері, ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші ретінде өте жауапты міндетті орындап келесіздер. Осы орайда бүгінгі форум өзара пікір алмасатын, тың идеялар мен озық тәжірибелерді тарататын пайдалы алаңға айналады деп сенемін.

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.46.41
Мұндай форумдар аса қажет, себебі ауыл экономиканың дамуының негізі. Ауыл – ата қонысымыз, алтын бесігіміз. Оны өркендету – ортақ парызымыз. Осы мақсатта облыста кейінгі 3 жылда ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның бірқатары туралы жаңа бейнероликтен көрдіңіздер. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыста 50 медициналық нысан пайдалануға беріліп, қойылған міндет толық орындалды. Бүгінде Қазталов және Бөрлі аудандарында ауданаралық ауруханалардың құрылысы жүріп жатыр. Жоғары оқу орындарымен байланыс орнатып әрі әлеуметтік қолдауды күшейткеннің нәтижесінде 2023 жылдан бері өңірге 461 дәрігер маман тартылды, оның 246-сы ауылға жіберілді. Олардың барлығына көтерме жәрдемақы беріліп, тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Соңғы үш жылда облыста 30 жаңа мектеп салынды. Оның 9-ы – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жаңа білім ошақтарының 22-сі ауылда ашылды. Себебі ауылда жағдай жасау – ауыл балаларына қала оқушыларымен тең мүмкіндік беру деген сөз. Атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесінде өңірде 11 апатты, 6 үш ауысымды және 12 бейімделген мектеп ғимаратының мәселесі толық шешілді. 15 мәдениет үйі мен мәдени-спорттық кешен пайдалануға берілді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен ауылдарда 25 кітапхана жаңғыртылды. Олардың кітап қоры 20 мыңнан астам кітаппен толықты. Оның сыртында 2 аудандық кітапханаға жаңа ғимарат салынды.

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.46.48
Соңғы 3 жылда негізгі капиталға 2,3 трлн теңге инвестиция тартылып, жалпы құны 165,5 млрд теңгенің 91 жобасы іске қосылды. Өткен жылы облыс экономикасының негізгі салалары бойынша тұрақты өсімге қол жеткіздік. Биылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша да негізгі 7 көрсеткіштің барлығында өсім бар. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімі 4,6%-ға, инвестициялар көлемі 22,3%-ға өсті,-деді өңір басшысы.

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.46.47
Жиында кей мәселелерді ауылдық жердегі азаматтар да шешіп жктқандығы сөз болды. Әсіресе, ауылнай қызметін атқарып жүрген тұлғалардың көмегі көп. Өңір басшысының айтуынша, қазіргі таңда облыста 31 ауылнай жұмыс істейді. Бұл ретте жергілікті бастамаларға ерекше көңіл бөлінуде. Мысал ретінде Казталов ауданы Сатыбалды ауылының ауылнайы Руслан Сарбаев аталды. Ол жаңа туған сәбилері бар төрт отбасыға әрқайсысына 200 мың теңгеден материалдық көмек көрсеткен.

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.46.50

Жалпы өңірде жұмыспен қамту көрсеткіші өсіп келеді: 1800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылған. Импортқа тәуелділікті азайту мақсатында жергілікті өндірісті дамыту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Басым міндеттердің бірі – жұмыссыздық деңгейін төмендету және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын қысқарту. Қазіргі таңда олардың үлесі шамамен 1 пайызды құрайды. Тұрақты жұмыспен қамтылған 30 мың тұрғынның 20 мыңы – ауыл тұрғындары.

WhatsApp Image 2026-04-23 at 15.46.51

Облыс әкімі атап өткендей, ауылдық округ әкімдерінің негізгі мақсаты – ауылды дамыту және тұрғындарды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз ету.

Түгелбай Бисен

Фотолар Мәди Салықтікі 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале