2.08.2021, 12:16
Оқылды: 17

«Ауыл ажарланса, халықтың әл-ауқаты артады»

Өткен апта соңында облыс әкімі Ғали Есқалиев Теректі және Ақжайық аудандарына іссапармен барып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен шаруалардың жағдайымен танысты.

aqjaiyq (2)

Өңір басшысы алдымен Теректі ауданының Шаған ауылындағы "Миронов Н. В" шаруа қожалығына ат басын бұрды. Қожалық иелері Владимир және Анна Мироновалар көкөніс өсірумен 2006 жылдан бері айналысып келеді екен. Егістіктерінің көлемі 44 гектарды құрайды. Оның 0,5 гектарына картоп ексе, қалғанына қызанақ, қырыққабат, сәбіз, қызылша, пияз, бұрыш, қияр, баялды егіпті. Ал былтыр 335 тонна көкөніс, 15 тонна бақша дақылдары өнімін жинаған.

terekti (2)

(Өңір басшысының қос ауданға сапары туралы Гүлсезім Бияшеваның толық мақаласын "Орал өңірі" газетінің сейсенбі, 3 тамыз күнгі №62 санынан оқи аласыздар)

aqjaiyq (3) terekti (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале