19.03.2024, 10:31
Оқылды: 21

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1,4 мың жоба іске асырылады

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1,4 мың жоба іске асырылады. Бұл туралы Үкіметтің отырысында белгілі болды.

79314fec-5fea-4ac6-b322-3d462f5c00bd

Фото: t.me/KZgovernment

Н. Байбазаров: «Ауылдық жерлерде инфрақұрылым мәселелерін шешудің басты құралдарының бірі – «Ауыл – ел бесігі»  бағдарламасын іске асыру. 2019-2023 жылдары республикалық бюджеттен жалпы бағдарлама бойынша 524 млрд теңге бөлініп, 1,8 мың тірек және спутниктік ауылдарда 5,4 мыңнан астам жоба іске асырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 578 нысанды, 1,7 мың әлеуметтік нысанды және 3 мыңнан астам ауылішілік жолдарды салуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ биыл республикалық бюджеттен 179 млрд теңге бөлініп, 500-ден астам ауылда 1,4 мың жобаны іске асыру жоспарлануда».

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале