6.11.2024, 12:15
Оқылды: 41

Ауыл оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі аяқталды

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі аяқталды, оған 12 мыңнан астам оқушы қатысты. Білім бәсекесі 93 тірек мектепте 13 пән бойынша өтті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_0896

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Олимпиаданың IV республикалық кезеңіне III кезеңде ең үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар (әр пән мен сынып бойынша екі қатысушыдан артық емес) қатысады:

• жаратылыстану-математикалық бағытта 9-11(12) сынып оқушылары;

• қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10-11(12) сынып оқушылары.

«Оқу-ағарту министрлігі бастамашылық еткен Республикалық пәндік олимпиада ауылдық жерлерде білім беруді дамытудың маңызды кезеңіне айналды. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар толық сүйемелденіп, келесі жарыстарға дайындалу үшін «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады», — деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Естеріңізге сала кетейік, олимпиаданың бірінші кезеңіне 100 мыңнан астам оқушы қатысып, олардың 54 мыңға жуығы екінші кезеңге жолдама алған болатын. Үшінші кезеңге өткен 12 мың қатысушының ішінен 1088-і республикалық кезеңге жолдама алады. 

Сонымен қатар өткен жылғы жеңімпаздар биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне (сол пән бойынша) конкурстан тыс қатысу мүмкіндігіне ие.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале