22.09.2022, 12:17
Оқылды: 50

Ауыл халқына медициналық қызмет көрсететін пойыздардың жұмысы жанданды

Ауыл халқына қызмет көрсететін медициналық пойыздардың жұмысы жанданды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220711123301727e

«Шалғайдағы ауылдардың 1 млн астам тұрғыны үшін 149 жылжымалы медициналық кешен консультациялық-диагностикалық қызметтер, скрининг, дәрі-дәрмектер ұсына отырып, медициналық көмек көрсетті. Биыл 10 өңірде 38 мың тұрғынға медициналық көмек көрсеткен 2 «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының жұмысы қайта жанданды», - деді Ажар Ғиният «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері жайында баяндай келе.

Оның дерегінше, ауылдық елді мекендерде 6 фельдшерлік-акушерлік, медициналық пункт пен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы аяқталды. 17 нысан салынып жатыр. Ғимараттарды жалдау арқылы 8 нысан ашу жоспарланған.

«Сонымен қатар, аудандық ауруханаларды заманауи компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен жабдықтау 84 пайызға дейін жеткізілді. Жоспарда 74 пайызға жеткізу тұрған еді», - деді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале